Қазақстан
1 мин оқу 360

ІІМ қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді

<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлене бастайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қосымша ақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 389 Қаулысында көзделген.

Құжат 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталған қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда ұсталатын адамдарды емдегені үшін медицина қызметкерлеріне төлеу көзделген.

Бөлісу:
ІІМ қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар