Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 11-18 маусым аралығында Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында бірінші орын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралиновтың айтуынша, жарысқа қатысушылардың виза алу кезінде қиындықтар болған. Сондай-ақ спортшылардың басым бөлігі алғаш рет Әлем чемпионатына қатысып отыр.
«Жарыс қорытындысы бойынша, біздің құраманың қоржынында түрлі дәрежедегі 21 медаль бар. Бұл ауыр атлетиканың Қазақстандағы №1 спорт түрі екенін білдіреді. Сондай-ақ атлеттеріміздің алдағы құрлықтық, әлемдік жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін зор әлеуеті бар екенін дәлелдейді», деді ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов.
Аяна Тоғанбек