Өнер
1 мин оқу 510

Бурабай табиғаты таңғалдырды

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Ұлттық музей&shy;де халықаралық ART TALK ІІ симпо&shy;зиумын қо&shy;ры&shy;тын&shy;ды&shy;ла&shy;ған көрме өтті.</p>

Бурабай табиғаты таңғалдырды

Мазмұнды іс-шараның ашылуында Ұлттық музей директорының орынбасары Назгүл Қадірімбетова ха­лықаралық симпозиумға қатысқан суретшілерге ал­ғысын жеткізе келіп: «Өнерде шекара болмайтындығына бүгін тағы көзіміз жетті. Сіз­дердің қарымды қылқа­лам­дарыңыздан туған дүние­лер елордалықтардың көз­айымына айналды. Бұл туын­дылардың бәрі музейдің алтын қорында сақталады»,  деді.

Сондай-ақ Кореядан келген танымал суретші Джу Генву аталған іс-шараны өткізуге ұйытқы болған Мә­дениет және спорт ми­нис­трлігі мен Ұлттық музей ұжымына ризашылығын біл­діріп, Көкшетау өлкесінің көркем келбеті мен тари­хын бір туындыға сыйдыру мүм­кін еместігін сөз етсе, моң­ғо­лия­лық суретші Гангат Енх Ори қылқалам ше­берлеріне шабыт сыйлаған жиыннан алған әсерімен бө­лісті.

Көрмеге симпозиумға қа­тысқан суретшілердің жаңа туын­дылары қойылды. Олар­дың арасында майлы бояу, акварель, қарындашты пайдаланып, әр жанрда салынған картиналарда Бурабайдың ғажайып табиғаты мен тарихы қылқалам шеберлерінің қиялы арқылы әсем түрге бөленген. Әсіресе келушілер сурет­ші­лердің «Бурабай таңы», «Дала аңызы», «Кез­десу», «Оқ­жетпес» секілді еңбек­те­ріне қызығушылық танытты.

Бөлісу:
Бурабай табиғаты таңғалдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар