Теннис
1 мин оқу 220

Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты. Бублик бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:2. Бір сағатқа созылған матч барысында Бублик 15 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы эйспен де, брейкпен де көзге түсе алған жоқ. Александр жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар