Президент
1 мин оқу 4,492
Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Бөлісу: