Қазақстан
1 мин оқу 183

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінен көптеген адам қаза болуына байланысты ауған халқының қайғысына ортақпыз. Қазақстан халқы мен басшылығы атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тезірек сауығып, қалыпты өмірге оралуды тілейміз», делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, сәрсенбіде Ауғанстанда магнитудасы 5,9-6,1 балл  жер сілкінісі болды. Оқиға Пәкістанмен шекаралас оңтүстік-шығыс Хост қаласынан 44 шақырым жерде болған.

Бөлісу:
Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар