Қоғам
1 мин оқу 264

«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазіргі кезде «Сбербанк Қазақстанды» сату мәселесі талқыланып жатыр. Бұл банк «Сбербанк Ресейдің» еншілес ұйымы екені белгілі. Аталған банк санкция тізіміне енгізілген болатын», деді М. Әбілқасымова Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда оның атап өтуінше, санкцияларға сәйкес бұл банк шетел валютасында операциялар жүргізе алмайды.

Бөлісу:
«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар