Қоғам
1 мин оқу 471

Оралда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Орал қаласындағы пәтердің үшінші қабатынан құлап кеткен 4 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін сағат 12:23-те «Құрылысшы» шағынауданындағы тоғыз қабатты үйде орын алды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған 4 жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша бала жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған қоса самай тұсынан, ішінен жарақат алған. Қазіргі уақытта баланың жай-күйі белгісіз. ТЖД ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Оралда 4 жасар бала терезеден құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар