ӘЧ: Су добынан Қазақстан Бразилиядан басым түсті
<p style="text-align: justify;">Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылып жатыр.
Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасуда. Бүгінгі кездесуде қазақстандық спортшылар жинақы қимыл көрсетті.
Нәтижесінде қарсыласын 10:6 есебімен тізе бүктірді. Бұл топтағы Австралия Жаңа Зеландиядан 11:2 есебімен басым түсті.
Қазақстандық қыздар алғашқы кездесуінде Австралиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 24 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды.
Сондай-ақ, әлем чемпионатында D тобында еліміздің ерлер құрамасы Австралия, Сербия, АҚШ құрамалары сынға түсіп жатыр.
Жігіттер алғашқы кездесуінде Австралияға 4:10 есебімен есе жіберіп қойды. Енді ел құрамасы 23 маусымда АҚШ-пен кездессе, 25 маусымда Сербияға қарсы шығады.