Тарих
2 мин оқу 450

Талдының тылсымы таңғалдырады

<p style="text-align: justify;">Қазақта &laquo;Алтын шыққан жерді белден қаз&raquo; деген сөз бар. Осы тұжырымды Шет ауданындағы Талды археологиялық паркінің аумағына енетін Қаражартас қорымына қатысты да айтуға болады. &laquo;Сарыарқа пирамидасы&raquo; сынды аса құнды тарихи ескерткіштері бар қорымнан таяуда тағы сирек кездесетін үш жерлеу орны табылды.</p>

Талдының тылсымы таңғалдырады

Аталған қорымдардан қола дәуіріне жататын жәдігерлер, атап айтқанда, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар қазып алынды. Ескерткіштерді қор­ғау орталығы дирек­торы­ның орынбасары Жанболат Мә­житов бұл қола және темір ғасырларының қорымдары тарихты зерделеуге мол мүм­кіндік беретін аса құн­ды жер­леу орындары екенін айтады.

Ал археолог, тарих ғылым­дарының кандидаты Игорь Кукуш­киннің айтуынша, бұл қорымдар ертеректе аяусыз тонал­ған екен.

– Мәйіттер көшіріліп, құн­ды заттар алынып, тек қола­дан жасалған бұйымдар ға­на қалған, – дейді археолог ғалым. – Балалардың біз тап­қан бейіттері ересектерден бө­лек орналасқан және жал­пақ тас­тардан тұрғызылған. Сол кез­де қайтыс болған адам­ның аруағы мұндай тастар­дан аттап өте алмайды және адам­­­­дарды мазаламайды деген сенім болған. Сондай-ақ бала­лар мәйіттерінің ж­а­нында сүт тә­різді сұйық­тықтың қалдық­тары бар ыдыс-аяқтар табылды.

Игорь Кукушкин бастаған экспедиция ғалымдарына ака­демик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінде оқитын студенттер көмектесіп жүр. Солардың бірі Бекарыс Тіле­генов көне жәдігерлерді көзі­мен көріп, қолымен ұстап, тәжірибелік тұрғыда мол мағ­лұмат алғанына қуанышты екенін айтады.

– Қола дәуіріндегі қыш ыдыстар, қола пышақтар, сыр­­­­ғалар мен сақиналар тап­тық. Біз ежелгі адамдардың сүйек­терін қазіргілермен салыс­тырып, нә­тижесінде, ай­тарлықтай айыр­­машылық­тар бар еке­нін бай­қадық. Ескі заман адам­­дары­ның қолдары мен аяқ­тарының сүйектері ұзын және жуан болған екен.

Сонымен қатар студент Бекарыс Тілегенов қорымнан та­былған адамдардың тісте­рінің сап-сау және тап-таза бол­­­ғанына қайран қалады. «Осы орайда көне заман адам­да­рының гигиенаны қалай сақ­тағаны таңғалдырады», дейді болашақ ғалым.

Жергілікті атқарушы билік алдағы уақытта Талды архео­логиялық паркінде туристер үшін ірі тарихи-мәдени орта­лық ашуды жоспарлап отыр. Мұн­дағы мақсат – көне заманнан қалған тас пирамидаларды, қорғандарды, қорымдарды дүние жүзінің әуесқой тарихшылары мен саяхатшыларына көрсету.

о

р

Қарағанды облысы,

Шет ауданы

Бөлісу: