Футбол
1 мин оқу 141

Рейтингте 11 саты жоғарылады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Халықаралық футбол қауымдас&shy;тықтарының федерациясы (ФИФА) күні кеше футболдан ұлттық құрама&shy;лар&shy;дың жаңартылған рейтингін жа&shy;рия&shy;лады.</p>

Рейтингте 11 саты жоғарылады

ФИФА-ның маусым айындағы әлемдік рейтингі бойынша Қазақстан ұлттық құра­масы бірден 11 саты жоғарылап, 114-орынға жайғасты. Наурыз айындағы рейтингте Қазақ­стан 125-орында тұрған болатын. Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құра­масы маусым айында Ұлттар лигасы аяс­ында төрт матч өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетсе, бір ойында тең түсті.

Атап айтар болсақ, жерлестеріміз алғаш Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түссе, кейін сырт алаңда Беларусь футболшыларымен тең ойнады. Сондай-ақ Словакия құрамасымен екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті – 1:0, 2:1. Дүниежүзілік рейтингте бес дүркін әлем чемпионы Бразилия көш бастап тұр. Кейінгі орындарға Бельгия және Аргентина құрамалары жайғасқан.

Бөлісу:
Рейтингте 11 саты жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар