Бокс
1 мин оқу 272

Иван Дычко аргентиналық қарсыласын жеңді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Ол бокс кешінде аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) жұдырықтасты. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептеліп, соңына дейін созылды. Жекпе-жектің нәтижесінде Иван Дычко төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Иван Дычко осылайша кәсіби спорттағы 12-жеңісіне қол жеткізді. Ол бүгінге дейінгі кездесулерінің бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған болатын.

Мұның алдында ол былтыр желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында 45 жастағы ресейлік Александр Устиновпен (36-6-1, 27 КО) қарсы күш сынасты. Ол қарсыласын алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Дычконың бүгінгі қарсыласы – Кевин Эспиндола осымен төртінші рет жеңіліп отыр. Ол биыл сәуірде төрешілердің бірауыз шешімімен жерлесі Науэль Паласиостадан (1-7, 0 КО) басым түскен болатын.

Бөлісу:
Иван Дычко аргентиналық қарсыласын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар