Оқиға
1 мин оқу 291
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
<p style="text-align: justify;">Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасына 2007 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусым күні түскен.
«Тергеу тобы бүгін қаладағы бау-бақша қоғамының бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың өлі денесін тапты», деп хабарлады полициядан.
Полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Күдікті арадағы жанжалдан кейін досын өлтіргенін мойындады.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бөлісу: