Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Жоғарғы соты Нью-Йоркте қоғамдық орындарда жасырын атыс қаруын алып жүруді шектейтін заңның күшін жойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.</p>
Сот органы заңнама актісі АҚШ Конституциясын екінші түзетуде енгізілген «қаруды сақтау және алып жүру» құқығын бұзғанын атап өтті.
Судьялардың шешімі адамдардың Нью-Йорк көшелерінде және Лос-Анджелес пен Бостон сияқты басқа да ірі қалаларда заңды түрде қару алып жүруіне мүмкіндік бермек. Бұл – АҚШ Жоғарғы сотының он жылдан астам уақыт ішінде қару-жарақ туралы қабылдаған алғашқы ірі шешімі. Ол жақында болған жаппай атыстардан кейін қабылданып отыр.
Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бұл шешімнен туындайтын қауіпті азайту үшін жұмыс істейтінін және шаһардың «жабайы батысқа» айналуына жол бермейтінін мәлімдеді.
АҚШ президентінің әкімшілігі судьяларды Нью-Йорк заңын сақтауға шақырды.