Оқиға
1 мин оқу 383

Алматыда троллейбус өртенді

<p style="text-align: justify;">Алматыда Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өртеніп жатқан троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС-ның мәліметінше, жүргізушіден №12-ші троллейбустың өртенгені туралы хабарлама сағат 14.55-те түскен. «Көліктің төбесі жанды (төменвольтты зарядтау құрылғысы). Жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше, өртті өзі сөндіріп үлгерді. Кейін троллейбусты паркке сүйреп әкетті. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады компанияда.

Бөлісу:
Алматыда троллейбус өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар