Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда түнде BMW X7 көшені жарықтандыру бағаны мен жол белгісіне соғылып, содан ұшып барып төңкеріліп қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«BMW X7 көлігінің жүргізушісі ЕК-32 көшесімен келе жатып, Достық көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, көшені жарықтандыру бағаны мен «Тоқта» жол белгісі тірегіне соғылып, салдарынан көлік аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне босатылды», делінген Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомстводағылар BMW X7 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау, белгіленген шектегі жылдамдықты асырмау және қашықтықты сақтау керектігін ескертеді.
Аяна Тоғанбек