Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербияда Прокупле ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың бірінші ракеткалары Ж.Құламбаева мен үндістандық Пратхан Тхомбаре финалда испаниялық Лейре Ромеро - хорватиялық Тара Вюртпен ойнауы керек еді. Алайда Тара жарақат алып, кортқа шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық-үндістандық жұпқа берілді. Осылайша, Жібек Құламбаева биылғы маусымда ITF додаларындағы үшінші, барлығы 17-титулына қол жеткізді.
Сонымен қатар ол жекелей сында екі рет чемпион атанған еді. Алдағы аптада Жібек Нидерландыда Ден Хааг қаласында өтетін ITF W25 турнирінде бақ сынайды.
Аяна Тоғанбек