Қаржы
1 мин оқу 261

Су жаңа банктің көрсеткіштері

<p style="text-align: justify;">АҚШ тарапынан бұғаттаушылық санкцияға ұшыраған&shy;нан кейін ресейлік &laquo;Альфа-Банк&raquo; еншілес банкінің 100 па&shy;йыз акциясын отандық &laquo;Банк ЦентрКредит&raquo; сатып алды. Бұдан былай ол нарықта жаңа атаумен &ndash; Eco Center Bank ретінде қызмет етпек.</p>

Су жаңа банктің көрсеткіштері

Ranking сарапшылары­ның бағалауынша, жаңа банк­тің мамыр айындағы көрсет­кіштерінің бәрі минус деңгейінде. Баяғы дең­гейінен қатты түспеген жал­ғыз көрсеткіш меншік капи­талы екен. Меншік капи­та­лының көлемі сәуірмен салыс­тырғанда 0,1 пайызға төмен­деп, 134 млрд теңгені құраған. Ал жылдық динамикада тіпті 23,3 пайыз деңгейінде ұтысқа шыққан.

«Өзге көрсеткіштер бо­йынша Есо Center Bank-те бәрі де нашар. Бір айда банк активтері бірден екі есе азайған. Көктемдегі «санк­циялық» айларда банк жыл­дық динамикада активтер порт­фелінің 41,1 пайызын жо­ғалтты. Қарыз портфелі 35,6 пайызға төмендеді. Сәуірде банктің міндеттемелері 2,5 есе азайған. Сондай-ақ қаржы институтының салымдары 59,5 пайызға қысқарып, 1 мамырда 208,6 млрд теңгені құрады. Жылдық динамикада салым портфелі 2,1 есе төмендеген», дейді Ranking.

Eco Center Bank бола салысымен жариялаған алғашқы жаңалықтарының бірі – жеке тұлғалар үшін 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап депозит бойынша мөлшерлемені төмендетуі. Сонымен қатар жаңа банк біржақты тәртіпте барлық ағымдағы шоттарды жауып тастады. Банктің шотында қалған барлық қолма-қол ақша «Банк ЦентрКредит» шоттарына ауыстырылады.

Сондай-ақ ағымдағы шотты, дебеттік немесе несие карталарын, депозит ашу, кредит алу, Swift пайдалану, картадан картаға аударым жасау сияқты операциялар әлі де қолжетімсіз.

Бөлісу:
Су жаңа банктің көрсеткіштері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар