Ауа райы
1 мин оқу 320

Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері бүгін елімізде қалыптасатын ауа сапасына болжам жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Алматы және Шымкент мегаполистерінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Басқа қалаларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Айта кетсек, Алматыда жағымсыз метеоахуал бірнеше күннен бері байқалып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлайды.

Бөлісу:
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар