Аймақтар
1 мин оқу 185

Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Алматыда екі қабатты мейрамхана өртеніп жатыр. Қалалық ТЖД жедел штабтың жұмысы басталғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданындағы Бәйтереков көшесі, 13 мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежесінде жұмыс істейді. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі өртенді. Жедел штабтың жұмысы басталды», делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, жанып жатқан ғимараттан 50 литрлік үш газ баллоны эвакуацияланды.

«Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды. Өрт 9:15-те ауыздықталды, таралу қаупі жойылды», деп толықтырды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар