Қазақстан
1 мин оқу 390
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бір апта ішінде Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бір апта ішінде 2948 қылмыс жасалды, оның 1864-і тәулік ішінде ашылды», деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.
Ол полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашқанын нақтылады.
Сонымен қатар 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 37 тонау және 465 бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы анықталып, осы қылмыстардың мән-жайы анықталды.
Бөлісу: