Ауа райы
1 мин оқу 210
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Синоптиктер 28, 29 және 30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.</p>
Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын Солтүстік-Батыс циклон әсерінен найзағай мен жаңбыр болады.
«29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюі және ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Тек еліміздің батыс облыстарында скандинавиялық антициклон жотасы әсерінен жаңбыр тоқтайды», делінген хабарламада.
Бөлісу: