Тағайындау
1 мин оқу 300

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.

2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.

2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.

2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.

Бөлісу:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар