Спорт
1 мин оқу 192
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
<p style="text-align: justify;">Astana Qazaqstan Team велоклубы маусымның басты жарысы - «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Шосседе өтетін көпкүндік веложарыс 1-24 шілде аралығына жоспарланған.
Қазақстандық команда құрамында 8 спортшы бар. Олар - Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан, Джо Домбровски (АҚШ), Алексей Луценко (Қазақстан), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия) және Андрей Зейц (Қазақстан).
Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия).
Бөлісу: