Оқиға
1 мин оқу 135

Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Құтқарушылар Ертіс ауданында суға батып кеткен 19 жастағы қыздың денесін тапты. 

«Денесі өзеннен 11:16-да шығарылды. Павлодардан бес адам, екі техника және бір жүзу құралы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен екі адам жұмыс істеді», деді аудандық бөлім бастығының міндетін атқарушы Азамат Нұрғожин. 

Сондай-ақ ол 21 жастағы жігітті іздеу жалғасып жатыр деп қосты. 

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымда қыз бен жігіт пикник кезінде суға батып кеткен. Олар ата-аналарымен жабдықталмаған жағажайда демалған.

Бөлісу:
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар