Теннис
1 мин оқу 170

Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен алаңға шықты.

Нәтижесінде, Александр Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір жарым сағатқа созылған матчта қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана алды.

Енді қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен күш сынасады.

Айта кетсек, бүгін отандасымыз Михаил Кукушкин де кортқа шығады. Оның қарсыласы - америкалық Дженсон Бруксби.

Бөлісу:
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар