Қоғам
1 мин оқу 160
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің <em>(таблетка түрінде)</em> контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Онкологиялық ауруларды емдеу үшін республикамыздың медициналық мекемелеріне жіберетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: