Қоғам
1 мин оқу 170
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
<div class="description" style="text-align: justify;">Маусым айының ортасында Өскемен қаласы полиция басқарамысына облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалғанын айтып, жүгінген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></div>

Жәбірленушінің айтуынша, бұрын өзіне таныс әйел тыйым салынған мүлікті банктерден сатып алу сылтауымен және оны одан әрі сату үшін оның 2 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
«Жауап алу кезінде кінәсін мойындаған 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды», деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметы.
Ведомство өкілдері бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын айтты.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: