Қаржы
1 мин оқу 154

Доллар бағасы арзандады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 05 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.

Бөлісу:
Доллар бағасы арзандады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар