Қоғам
1 мин оқу 213

Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері &laquo;Қарасора&raquo; жедел алдын алу іс-шарасы аясында арнайы операция өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Операция барысында 37 жастағы күдікті ұсталды. Оның үйіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде гараждағы көліктен жалпы салмағы 40 келі болатын екі марихуана пакеті табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұл 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арнасын, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды іздеуде», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар