Әлем
2 мин оқу 370

Ресей техникалық дефолтқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Блумберг агенттігі 100 жылда алғаш рет Ресейдің шетелдік валютадағы тәуелсіз қарыз бойынша дефолтқа ұшырағанын хабарлады.</p>

Ресей техникалық дефолтқа ұшырады

Ресей шетелдік валютамен (доллармен) сатып алған обли­гация бойынша пайыздарды доллармен төлеуге тиіс. Бірақ долларлық шоттары бұғат­та жатқандықтан Ресей халық­аралық инвесторларға пайыздар­ды доллармен тө­лей алмай­ды. Рубльмен төлейін десе, оны ешкім қабыл­да­май­ды. Агент­тіктің мәліме­тін­ше, 100 млн дол­ларға жуық мөл­шердегі пайызды төлеу бойын­ша жеңілдік кезеңі өт­кен жексенбіде аяқталған.

Loomis Sayles & Company LP аға талдаушысы Хасан Мә­­лік­­тің айтуынша, өзінде қар­жы бола тұра өзге үкіметтер қы­сы­­мымен дефолтқа ұшырау – сирек кездесетін жағдай. Бұл тарихтағы аса ірі дефолт болады деп болжайды сарап­шы. Алайда РФ пре­зиден­ті­нің баспасөз хатшысы Дмит­рий Песков валюталық қарыз мін­деттемесі бойынша де­фолт­қа тап болған жоқпыз дейді.

Көптеген рейтинг агент­ті­­гінің хабарлауынша, мем­­­лекеттік қарыз бойынша тө­­лемді рубльмен жасау Ре­сейдің техникалық де­фолт­қа кіргенін білдіреді. Яғни мемлекетте ақша бар, бі­рақ қарыздарын ол ақшамен төлей алмайды. АҚШ Қар­жы министрлігі Ресейді мил­лиард­таған қарыздарды (халық­аралық инвесторларға) америкалық банктер арқылы төлеу мүмкіндігінен айырған.

Сарапшылардың айтуын­ша, шетелдік инвесторлар Ре­сейдің дефолтқа ұшы­рауын күтіп отыр. Себебі тех­ни­калық дефолт рас­талған мезетте халықаралық ин­вес­­тор­лардың пайдасына Ресей­дің шот­тарынан ақша шешіледі. Әри­не, мұның бәрі заңдық про­цесс. Дегенмен Ресей үшін жа­ғымды бола қояды деу қиын.

Сарапшылар Ресейде дефолт орнаған күнде Қазақ­станға аса зияны тимейді деп топшылайды.

«Егер батыстық серік­тес­тер Қазақстанда орналас­ты­рылған, бірақ Ресейге тиесілі қандай да бір активтерге назар ауда­рып жатса, онда дефолт салқыны бізге де тиюі ықтимал. Алай­да қарыз сомасы көп емес болғандықтан жақын уақытта мұндай оқиға бола қоймас. Ресейден ақшаны алу бірнеше ай немесе жылға созылады. Арбитраждық сот жедел әрекет етпейді», деп түсіндіреді қар­жы сарапшысы Андрей Чебо­тарев.

Бөлісу:
Ресей техникалық дефолтқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар