Әлем
1 мин оқу 560

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады

<p style="text-align: justify;">Қытай&ndash;Қырғызстан&ndash;Өзбекстан теміржол құрылысының ықтимал бағыты жақында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің жиналысында талқыланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады

Кеңесте Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев «Торугарт – Макмал - Жалал-Абад» бағыты бойынша темір жол магистралін салу мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

Оның айтуынша, жобаның тиісті техникалық-экономикалық негіздемесі осы жылдың желтоқсан айында дайын болады.

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан теміржол құрылысының жобасы — біз ерекше басымдық беретін бірегей жоба. Бейінді мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет», деп атап өтті Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров.

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы - үш елдің, одан әрі Парсы шығанағы елдерінің, еуропалық теміржол желісімен байланысты Түркия Республикасының темір жолдарына жол ашуға арналған теміржол магистралі.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар