Әлем
1 мин оқу 330
Полиция банкке шабуыл жасаған 2 адамды атып тастады
<p style="text-align: justify;">Канаданың Британиялық Колумбия штатында банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді. Атыс кезінде оқ тиіп, жарақат алған 6 сақшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Билік күдіктілердің көлігінде жарылғыш зат бар деген ақпарат болғанын, соған байланысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіргенін мәлімдеді.
Төтенше оқиға болған Саанич қаласы АҚШ-пен шекара бойында орналасқан. Полиция толық ақпаратты кейін тарататынын хабарлады.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: