Қоғам
1 мин оқу 390

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО-ға 3152 квота бөлінді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы &laquo;Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры&raquo; КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО-ға 3152 квота бөлінді

Оның айтуынша, МӘМС аясында халыққа қолжетімді болған қызметтің бірі – экстракорпоральды ұрықтандыру немесе ЭКО процедурасы.

«2022 жылы ЭКО бағдарламаларына 3,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Аталған сомаға барлығы 3152 жасанды ұрықтандыру процедурасы жасалуы тиіс. Өткен 4 айда 476 ЭКО жасалып, оған 484 млн теңге төленді. Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 8 клиника қатысып жатыр», деді филиал директоры.

ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды. Осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО-ға 3152 квота бөлінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар