Коронавирус
1 мин оқу 220

Алматыда Pfizer вакцинасына сұраныс артты

<p style="text-align: justify;">Алматыда Pfizer BioNTech вакцинасына сұраныс артты. Алайда қалада бұл вакцинаның тек 9 951 дозасы қалған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.</p>

2021 жылдың қарашасыдан бастап бүгінге дейін Алматыға COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының 380 250 дозасы жеткізілді.

«Мамырдан бастап көптеген ел шекарасын ашқандықтан бұл вакцинаға сұраныс өсті, себебі оған ДДҰ сертификат берген. Көп елдің талабы - Pfizer-дің екі компонентінің болуын. Қазақстанда Pfizer-мен жаппай вакцинациялауға 2022 жылдың наурызында рұқсат берілді», деді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтығандар саны артты. 

Бөлісу:
Алматыда Pfizer вакцинасына сұраныс артты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар