Қазақстан
1 мин оқу 1,270

Ғасыр бұрынғы қазақ өмірі

<p style="text-align: justify;">Жасыл жайлау, ақ шаң&shy;қан боз үй, белдеуге бай&shy;ланған тұлпарлар және табиғатпен етене өс&shy;кен қазақ. Дәл осындай кө&shy;рініс бейнеленген ашық&shy;хат&shy;тар кезінде Еуропаны шар&shy;лағаны шындық. АҚШ Конгресінің кітап&shy;ханасынан табыл&shy;ған қа&shy;&shy;зақ халқының өмі&shy;ріне қа&shy;тысты суреттер ле&shy;гі біз&shy;&shy;&shy;ді бейжай қал&shy;&shy;дыр&shy;мауға тиіс.</p>

Ғасыр бұрынғы қазақ өмірі

Аталған топтаманың біреуі киіз үй алдына алқа-қотан отырып, суретке түскен қазақтар. Сурет түсіндірмесінде: «Бұл фотосурет ХХ ғасырдың ба­сында Оңтүстік Сібірдің Ал­тай таулы аймағында фото­граф Сергей Иванович Бо­рисов (1859-1935) түсірген түрлі түс­ті ашықхаттар топта­ма­сының бір бөлігі.

Бори­сов Сим­бирскіде (қа­зіргі Улья­новск) крепостнойлар отбасында дүниеге келген және жастайынан еңбекке жегілген. 1880-жылдардың ая­ғында Алтай өлкесіндегі Барнаул қаласына қоныс ауда­рып, 1894 жылы фотосурет студиясын ашады. Бұл студия кейінірек қаладағы ең үлкен орталыққа айналады. 1907 жылы Борисов Алтай тауындағы экспедициясын бастады, ол 1911 жылға дейін жалғасты. Осы экспедиция барысында ол 1500-ге жуық фотосурет түсіріп, Барнаулға орал­ған соң, бейнеэкран ар­қылы жұртшылыққа көрсетеді.

Фотосуреттер Алтай таула­рының шалғай түкпірлеріндегі табиғат көріністерін және осы өлкенің байырғы кейпі мен қазақ халқының тұрмысын бейнелейді. Борисов фото­сурет­терді әртүрлі еуропалық баспаларға ашықхаттар жасау үшін ұсынады. Коллекция түрлі түсті ашықхаттардың екі сериясын қамтиды.

Бірінші серияны Сток­гольмдегі шведтік Granberg Society баспа компания­сы шы­ғарды, бірақ екін­ші се­рия­ның қай жерде жа­рия­лан­ғаны белгісіз. Ашықхаттар Бар­наул­дағы Алтай мем­лекет­тік өл­кетану мұра­жайында сақ­таулы, 2000-жыл­дардың басында «Ше­кара­лар кездесуі» цифрлы кітапхана жобасы үшін цифр­ландырылған», деп жазылыпты. Аталған кітапханада сақ­талған бұл сурет түрлі түсті кө­лемі: 9 x 14 см.

Бөлісу:
Ғасыр бұрынғы қазақ өмірі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар