Коронавирус
1 мин оқу 4,901
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз оны ведомствоаралық комиссияның қарауына беріп, сол жерде талқылаймыз. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тестін де алып тастаған болатынбыз. Қабылданған шешімді міндетті түрде хабарлаймыз», деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ ол вакцинацияны күшейту керегін айтты.
Бөлісу: