Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында ел бойынша «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, полиция шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс нысандарына, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді.
Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 рет бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырудың 1 239 жағдайы анықталды. Бұл ретте 207 жұмыс беруші шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған.
Сот шешімі бойынша елден 322 шетел азаматы шығарылды.