Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
<p style="text-align: justify;">Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысына бағытталған қаржыны ұрлады деген күдікпен ұйым басшысы ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.</p>
«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», делінген ҚР ҚМА хабарламасында.
Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.