Қоғам
1 мин оқу 261

Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы &laquo;Отбасы банкімен&raquo; бірлесіп Blockchain технологиясының көмегімен мүлік кепілін шешу бойынша жобаны енгізді.</p>

Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады

Көбінесе қазақстандықтар банктен несиені өз мүлкін кепілге қою арқылы алады. Несие өтелгеннен кейін ке­пілде тұрған мүліктен ауырт­палықтарды алып тастауы керек. Бұрын бұл қызмет ХҚО-да офлайн режімде ғана көр­сетілетін. Клиент алдымен банк­тен анықтама алып, содан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетін. Қыз­мет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрады. Қазір жоба арқылы бұл процесс жеңілдеді. Енді құжаттар жинап, оларды ХҚО-ға апарудың қажеті жоқ. Барлығы онлайн режімде жасалады, ал кепіл құқығын бес минут ішінде шешуге болады!

Айта кетейік, мүлік ке­пілін тоқтату қызметі қазақ­стан­дық­тар арасында сұ­ра­ныс­қа ие қыз­­меттердің бірі. Бес ай ішінде ЕДБ-ның 126 523 ке­пілі шешілді. Жа­қын арада қыз­метті басқа банк­тер­дің клиенттері де пайдалана алады. Бұл мемлекеттік кор­пора­цияның ЕДБ-мен және Blockchain технологиясын қол­дану бойынша алғашқы бір­лес­кен жобасы емес. 2021 жыл­дың күзінде «Цифрлы ипо­тека» іске қосылды, ал 2022 жыл­дың мау­сым айының ба­сында жалға бе­рілетін тұр­ғын үйді онлайн ре­сімдеу мүм­кін­дігі пайда болды.

Бөлісу:
Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар