Жаңалықтар
1 мин оқу 245

Бүгін Бүкіләлемдік серияның бірінші жартылай финалы ойналады

26-04-14-astana_arlans-1

АСТАНА. 26 сәуір. Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Astana arlans және Baku Fires командалары арасында Бүкіләлемдік бокс сериясының бірінші жартылай финалдық кездесуі өтеді. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Елорда рингінде мына боксшылар жекпе-жекке шығады: 49 кг Теміртас Жүсіпов -  Хамза Наметов 56 кг Мәди Шолақов - Гаирбек Гермаханов 64 кг Асхат Уәлиханов - Гайбатулла Гаджиалиев 75 кг Сергей Деревянченко - Солтан Мигитинов 91 кг Василий Левит - Абдулкадыр Абдуллаев Ал бірінші жартылай финалдық бірінші кездесу кеше, 25 сәуір күні Мәскеуде Russian Team және Cuba Domadores командалары арасында ойналды. Онда кубалықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: ras.kz. Фото: ВКонтакте.
Бөлісу:
Бүгін Бүкіләлемдік серияның бірінші жартылай финалы ойналады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар