Қоғам
1 мин оқу 720

Қажылық сапарға шығарып салды

<p style="text-align: justify;">Алматы әуежайында қа&shy;сиетті мекенде парызын өтеуге ниет еткен 400-ге жуық қазақстандықты шы&shy;&shy;ғарып салу рәсімі өтті.</p>

Қажылық сапарға шығарып салды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүф­ти Наурызбай қажы Таған­ұлы сапарға аттанып бара жат­­қан қауымға сәт-сапар ті­леп, бес па­рыз­дың бірі қа­жы­­лық құлшы­лы­ғының мән-маңызына тоқталды.

«Пандемия салдарынан екі жыл бойы қажылық есігі жабық болған еді. Енді, міне, Алланың қа­лауымен, Хақ та­ғаланың ша­қыр­туымен қа­сиетті Қағба­туллаға қажы­лық­қа аттанып барасыздар. Алла сапарларыңызды мү­бәрак етсін! Ардақты Пайғам­бары­мыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жаман сөз сөйлемей, күнәлі әрі орынсыз ешнәрсе жасамай, Аллаға қажылық жасаған адам анасынан жаңа туғандай (күнәсіз) оралады» деген. Ендеше, осы ұлы сапарда Алла Тағала барша отандасымызға Өзінің же­ңіл­дігін беріп, аман-есен құл­­шы­лығын өтеуді нәсіп етсін!», деді Нау­рызбай қажы Таған­ұлы.

Елімізден қажылыққа ба­руға ниет етіп отырғандар

4 мың­нан асады екен. Оларға 14 ком­пания қызмет көрсетеді.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қажылық сапарға шығарып салды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар