Қоғам
1 мин оқу 380

Алименттен жалтарған әкелер көп

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо&shy;графиялық саясат жөніндегі Ұлт&shy;тық комиссияның кезекті отырысында&nbsp;Ұлттық комиссия мүшесі, &laquo;Талбесік&raquo; көпбалалы аналар одағы&raquo; қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахметова қоғамда әкелердің рөлін көтеру үшін әр сынып жанынан әкелер кеңесін ашуды ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру – әке мен ананың жауапкершілігі бірдей болғанда ғана толыққанды жүзеге асады. Қазақстанда тұрмысы төмен отбасылардың басым бөлігін алимент алмайтын отбасылар құрап отыр. Осыған орай, алимент төлеуден жалтарған азаматтарға ХҚКО-да анықтамалар беру, кредит ресімдеу, банктік шоттарға ты­йым салу, есептен шығару/есепке қою, көлік жүргізуші куәлігін алу қызметіне тыйым салуды ұсынамыз. Балалар ата-ананың рухани-материалдық қолдауын толыққанды сезінуі үшін алименттен жалтарған әкелерді әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікке тартуды күшейту керек», деп санайды ол.

Бөлісу:
Алименттен жалтарған әкелер көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар