Өнер
1 мин оқу 726

Алматыда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

<p style="text-align: justify;">Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет ауқымды концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Құрметті достар! 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!», деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Бөлісу:
Алматыда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар