Футбол
1 мин оқу 182

Бүгін ел біріншілігінің 16-туры басталады

<p style="text-align: justify;">Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры басталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған турдағы алғашқы кездесу Түркістанда жергілікті «Тұран» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары арасында өтеді. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 2 шілдеде «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақтөбе», «Атырау» мен «Тараз» шеберлік байқасады. Сондай-ақ, 3 шілдеде «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары жасыл алаңға шығады.

Аталған турды 4 шілдеде «Ордабасы» (Шымкент) мен «Каспий» (Ақтау) командалары түйіндейді.

Бөлісу:
Бүгін ел біріншілігінің 16-туры басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар