Экономика
1 мин оқу 420
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы тамызға жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемені арттырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар, қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.
3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 тармаққа және 1,0 тармаққа, 12 айға жинақ депозиттері бойынша 0,1 тармаққа және 24 айға – 0,2 тармаққа артты.
Депозиттердің қалған түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды», делінген хабарламада.
Бөлісу: