Ауа райы
1 мин оқу 322

Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">2 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, сенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Алматы мен Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар