Қоғам
1 мин оқу 310
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Жамбыл облысы полиция департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, жұмысшылар ұсақтау машинасының астында қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«2022 жылдың 1 шілдесінде полицияға «Қазфосфат» ЖШС екі қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полиция департаменті.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу және процессуалды кодексінің 201-бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.
Бөлісу: