Әлем
1 мин оқу 250

Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Иранның оңтүстігінде Хормозган провинциясында болған жер сілкінісінен 5 адам қаза тауып, 39-ы зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.</span></p>

Бүгін түнде Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында 6,1 баллдық жер сілкінісі болды.
Бірінші дүмпуден кейін 33 афтершок болған, олардың ең қуаттысы - 6,3 магнитудалы.
Жер сілкінісінің эпицентрі Хормозгандағы Бендер-Ленг қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 61 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі 10 км.

Қазіргі уақытта жерасты дүмпуінен 5 адам қаза тауып, 39-ы зардап шеккені анықталды.

Бөлісу: