Футбол
1 мин оқу 493

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында Қарағандының &laquo;Шахтері&raquo; өз алаңында &laquo;Ақтөбемен&raquo; сынасты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ақтөбеліктер мұның алдында қатарынан үш рет жеңіске жеткен еді. Соның ішінде ел чемпионы Қостанайдың «Тобылы» мен «Астананы» ұтты.

Айта кетсе, алаң иелері соңғы бес ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті. Бұл - қазақстандық маман Вахид Масудовтың «Шахтердің» бас бапкері ретіндегі алғашқы матчы.

Бірінші таймда қарағандылық Тимур Досмағамбетов 12-минутта 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. 47-минутта Роман Муртазаев есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда қонақтар басымдылық танытты. Т. Досмағамбетов өз алаңында қолмен ойнағаннан кейін Әлібек Қасым 54-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Жерар Гоу 75-минутта таразы басын теңестірсе, 82-минутта «Ақтөбенің» сұрмергені Уго Видемонт жеңіс голын соғып кетті. Есеп - 3:2.

Осылайша, 26 ұпай жинаған Андрей Карповичтің шәкірттері турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Бөлісу:
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар